Skip to content

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Құқықтық жалпы оқытуды өткізу және заңнамадағы өзгерістерге байланысты 8 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Г.С.Исумғалиевамен қуыршақ театры ұжымымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері түсіндірілді. Кәсіби қызметте адалдық, ашықтық, жеке жауапкершілік және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар ұжымда адалдық қағидаттарын қалыптастыру мен құқықтық мәдениетті нығайтудың маңыздылығын талқылады. Осындай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және ашықтық пен сенім атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.